Қазақстан ТМҰ-ның жастар және спорт министрлері отырысына қатысты

Қазақстан ТМҰ-ның жастар және спорт министрлері отырысына қатысты
Gov.kz

Қырғызстан астанасы Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің жастар ісі және спорт министрлерінің X отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Халықаралық жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның тиісті мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ ұйым Хатшылығының басшылығы қатысты.

Кездесу барысында тараптар жастар саясаты мен спорт саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Атап айтқанда, салалық ведомстволар арасындағы байланысты жандандыру, тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар қатысушылар алдағы кезеңде ортақ жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырып, түркі елдері арасындағы серіктестікті кеңейтудің маңызын атап өтті.

Аталған басқосу Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ықпалдастығын арттыруға, мемлекетаралық әріптестікті нығайтуға және жастар мен спорт саласындағы бірлескен жұмысты дамытуға мүмкіндік береді.