Қазақстанның бес өңірінде күн суытып, 8 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның бес өңірінде күн суытып, 8 градусқа дейін аяз болады
ЖИ арқылы жасалды

28 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы төмендеп, түнде жаңбыр мен қар жауады. Кей аймақтарда 8 градусқа дейін аяз күтіледі, деп Baspasoz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, еліміздің басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың ықпалынан ауа райы құбылмалы болады.

Атап айтқанда, елдің оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, күндіз жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарда жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Синоптиктер бес өңірде ауа температурасы төмендеп, 1-8 градус аралығында үсік жүретінін ескертті. Олар:

Жетісу облысы;

Жамбыл облысы;

Алматы облысы;

Түркістан облысының батысы;

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығы.

Бұдан бөлек, елдің бірнеше аймағында өрт қаупі сақталады.

Өрт қаупінің жоғары деңгейі Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, батысы, оңтүстігі мен шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында тіркеледі. Сондай-ақ Қостанай және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысы, оңтүстігі, шығысы мен орталығында, Түркістан облысының батысы, солтүстігі, орталығы және тау бөктеріндегі аудандарында өрт қаупі жоғары болады.

Өрт қаупінің төтенше деңгейі Қызылорда мен Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі, шығысы мен орталығында болжанып отыр.

Мұндай қауіп Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысы мен орталығында, сондай-ақ Жетісу облысының шығысында да сақталады.

Осыған байланысты тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, ашық аумақта от жағудан және құрғақ өсімдіктерді өртеуден бас тарту ұсынылады.