18 қазанда Қазақстанның ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар 453–456 теңге аралығында сатылып жатыр. Астана, Алматы және Шымкенттегі шетел валюталарының бағамы белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елордадағы ақша айырбастау орындарында:
Доллар 449 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроны сатып алу бағасы – 502 теңге, сату бағасы – 512 теңге.
Рубль 5,2 теңгеден сатып алынып, 5,4 теңгеден сатылуда.
Алматыдағы валюта бағамы:
Доллар – 451,7 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылуда.
Еуро – 507,5 теңгеден сатып алынып, 510 теңгеден сатылуда.
Рубль – 5,29 теңгеден сатып алынып, 5,32 теңгеден сатылуда.
Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында:
Долларды сатып алу бағасы – 452,8 теңге, сату бағасы – 453,5 теңге.
Еуроны сатып алу бағасы – 505 теңге, сату бағасы – 510 теңге.
Рубльді сатып алу бағасы – 5,22 теңге, сату бағасы – 5,3 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы
Қазақстан Ұлттық банкі демалыс күндеріне белгілеген ресми бағам бойынша бір АҚШ доллары – 452,12 теңге, бір еуро – 508,95 теңге, ал бір Ресей рублі – 5,41 теңге.
Айта кетейік, ақша айырбастау орындарындағы бағам әр қалада және айырбастау орнына байланысты өзгеруі мүмкін.