21 қазанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы белгілі болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 446 теңгеден өткізіп, 453 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны 498 теңгеден өткізуге, ал 508,01 теңгеден сатып алуға болады. Ресей рублінің сатып алу бағасы 5,23 теңге болса, сату бағасы 5,43 теңгені құрайды.
Алматыда долларды айырбастау орындары орта есеппен 449,78 теңгеден сатып алып, 451,98 теңгеден сатады. Еуроны өткізу бағасы 503,34 теңге, ал сатып алу құны 507,75 теңге шамасында. Рубльді 5,24 теңгеден өткізіп, 5,35 теңгеден сатып алуға болады.
Шымкентте долларды 450,90 теңгеден өткізуге, 451,93 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны айырбастау орындары орта есеппен 504,91 теңгеден қабылдап, 509 теңгеден сатады. Ал рубльдің сатып алу бағасы 5,27 теңге, сату бағасы 5,31 теңге болып қалыптасты.
Ұлттық банктің ресми бағамы
21 қазандағы ресми валюта бағамдары мынадай:
АҚШ доллары – 450,69 теңге;
Еуро – 505,04 теңге;
Ресей рублі – 5,45 теңге.
Айта кетейік, 20 қазандағы күндізгі сауда қорытындысында Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 450,69 теңге болды. Осылайша, АҚШ валютасы алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,79 теңгеге арзандады.