Адам өмірінің сақшылары: бүгін – Дүниежүзілік анестезиологтар күні

Адам өмірінің сақшылары: бүгін – Дүниежүзілік анестезиологтар күні
ЖИ арқылы жасалған

Бүгін, 16 қазанда, әлемде Дүниежүзілік анестезиологтар күні атап өтіледі. Бұл күн хирургиялық операциялар кезінде науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауырсынуды басуға жауапты медицина мамандарына арналған, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Анестезиолог-реаниматологтер хирургиялық емнің қауіпсіз өтуінде маңызды рөл атқарады. Олар операция алдында науқастың жағдайын бағалап, анестезияның қолайлы түрін таңдайды. Сондай-ақ ота барысында пациенттің тыныс алуын, жүрек соғысын және басқа да өмірлік маңызды көрсеткіштерін үздіксіз бақылап отырады. Бұл мамандық дәрігерден жоғары біліктілікті, дәлдікті және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Анестезиологтер күрделі операциялар кезінде ғана емес, науқастардың өміріне қауіп төнген шұғыл жағдайларда да медициналық көмек көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 3 112 анестезиолог-реаниматолог еңбек етеді. Олардың 511-і балаларға медициналық көмек көрсетеді.

Медицина саласында анестезиологтер мен реаниматологтердің еңбегі ерекше бағаланады. Олар тәулік бойы кезекшілік атқарып, ауыр жағдайдағы науқастардың өмірін сақтап қалуға атсалысады.

Кәсіби мерекеге орай медицина қауымдастығы анестезиологтерге, реаниматологтерге және анестезистерге алғыс білдіріп, олардың жауапты қызметіне табыс, денсаулық және отбасыларына амандық тіледі.