Қараша айының соңында Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді. Елордада боран соғып, көктайғақ болса, Алматыда жаңбыр жауып, күн біртіндеп суытады, деп Baspasoz.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада боран соғып, жел күшейеді
26 қарашада елордада жаңбыр жауады. Күндіз желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы +6...+8 градус шамасында болады.
27 қарашада жаңбыр қарға ұласып, боран соғады, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде де, күндіз де ауа температурасы 0 градус шамасында болады.
28 қарашада қар жауып, боран мен көктайғақ сақталады. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -3...-5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді.
Алматыда жаңбыр жауып, күн салқындайды
26 қарашада Алматыда күн жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді, күндіз ауа температурасы +15...+17 градусқа дейін көтеріледі.
27 қарашада қалада мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Түнде және күндіз ауа температурасы +5...+7 градус шамасында болады.
28 қарашаға қараған түні жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +6...+8 градус болады.
Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері солтүстік-батыстан келетін циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Апта соңына қарай бірқатар облыста ауа температурасы төмендейді.