Еңбек министрі азаматтардың әлеуметтік мәселелерін тыңдады

Еңбек министрі азаматтардың әлеуметтік мәселелерін тыңдады
Gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Астана қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындарын жеке қабылдап, олардың жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдауға қатысты өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Қабылдауға еңбек инспекциясы, әлеуметтік қорғау саласына жауапты комитеттердің басшылары, министрлік мамандары мен өңірлердегі тиісті басқармалардың өкілдері қатысты.

Азаматтар жұмысқа орналасу, жұмыстан босату кезінде еңбек құқықтарының сақталуы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды тәрбиелеп немесе бағып отырған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мәселелерін көтерді.

Асқарбек Ертаев жауапты мамандарға тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият қарауды тапсырды. Министрлік өкілдері жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп, көтерілген мәселелерді зерделеп, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдайды.

Қабылдау барысында берілген тапсырмалардың орындалуы министрдің жеке бақылауында болады.