Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Томоаки Ишигакимен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы талқыланды.
Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және "Орталық Азия + Жапония" форматындағы бірлескен жұмысты жандандыру мәселелеріне назар аударды.
Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Жапония арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға екі тарап та мүдделі екенін жеткізді.