Қазақстанда аптаның соңына қарай күн суытып, кей өңірлерде түнгі ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендейді. Ел аумағына суық антициклон жақындап келеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, 22–24 қазан аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы айтарлықтай өзгереді. Алдымен батыс өңірлерде күн суытып, кейін суық ауа басқа аймақтарға да таралады.
Суық антициклонның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендей бастайды.
Әсіресе солтүстік және шығыс өңірлерде аяз күшейеді. Бұл аймақтарда түнгі температура бастапқыда 0...+5 градус шамасында болса, кейін -5...-10 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік өңірлерде де күн салқындайды. Мұнда түнде ауа температурасы -2...-7 градусқа дейін түсіп, күндіз +2...+7 градус аралығында болады.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 21 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейетінін ескерткен.
Осылайша, қазан айының соңына қарай еліміздің бірнеше өңірінде алғашқы қатты суық сезіліп, тұрғындарға қысқы ауа райына дайындалуға тура келеді.