Қырғызстанда магнитудасы 4,1 жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстанда магнитудасы 4,1 жер сілкінісі тіркелді
Canva

Қырғызстан аумағында 9 қыркүйек күні кешке магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Деректерінің жедел мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 22:03-те, Гринвич уақытымен 17:03-те болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 41,69 және шығыс бойлықтың 74,69 градусында орналасқан.

Жерасты дүмпуінің магнитудасы - 4,1, энергетикалық класы - 9,8.

Бұған дейін Қазақстан аумағында да жер сілкінісі тіркелгені хабарланған еді.

1