16 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындармен кездесіп, олардың жеке мәселелерін қарады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Кездесу барысында азаматтар жұмысқа орналасу, баспанамен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек алу, медициналық қызмет көрсету, жер қатынастары мен мал шаруашылығына қатысты түйткілдерді көтерді.
Облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын талқылады. Сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар мен қала, аудан әкімдіктерінің басшыларына әрбір өтінішті жан-жақты зерделеп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Бұдан бөлек, өңір басшысы көтерілген мәселелердің шешілу барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Жауапты мамандарға тұрғындарды қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар туралы дер кезінде хабардар ету міндеті жүктелді.