Республика күніне орай Қазақстанда 50%-ға дейін жеңілдіктер басталды

Республика күніне орай Қазақстанда 50%-ға дейін жеңілдіктер басталды
ЖИ арқылы жасалған

Қазақстанда Республика күніне орай Republic Day және Bereke Fest атты республикалық жеңілдіктер науқаны басталды. 17-27 қазан аралығында тұрғындар азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Мерекелік акциялар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің өзге де өңірлерінде ұйымдастырылып жатыр. Сауда орталықтары мен ірі дүкендер желілері тұтынушыларға арнайы бағалар мен тиімді ұсыныстар әзірлеген.

Жеңілдіктер науқанының ең қызу кезеңі 21-27 қазан аралығына жоспарланған. Осы күндері азық-түлік, тұрмыстық заттар және басқа да тауарларға арналған мерекелік ұсыныстар көбейеді деп күтілуде.

Republic Day акциясына қатысатын сауда орталықтары:

Астанада: MEGA Silk Way, Хан Шатыр;

Алматыда: MEGA Alma-Ata, MEGA Park, Forum Almaty;

Шымкентте: Mega Planet, Shymkent Plaza.

Ал Bereke Fest акциясы аясында Magnum, SMALL, Астықжан және GraMad сауда желілерінде арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Республикалық науқан Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – халықтың күнделікті тұтынатын тауарларды қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік жасау, ішкі сауданы жандандыру және отандық өндірушілерге қолдау көрсету.

Ұйымдастырушылар мерекелік сатылымдар қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін кеңінен таныстырып, сауда көлемін арттыруға да ықпал етеді деп күтеді.

Тұрғындар өз өңірінде акцияға қатысатын сауда орындарының толық тізімін жергілікті әкімдіктердің ресми сайттарынан біле алады.

Republic Day және Bereke Fest жеңілдіктері 27 қазанға дейін жалғасады.