Ресей мен Қытай Марсты бірлесіп зерттеуге кіріседі

Ресей мен Қытай Марсты бірлесіп зерттеуге кіріседі
ЖИ арқылы жасалды

Ресей мен Қытай Марсты зерттеуге арналған ортақ ғарыш жобасын қолға алмақ. Екі ел Қызыл ғаламшарға жіберілетін ғылыми құрылғылар мен арнайы техниканы бірлесіп әзірлейді, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Баканов мәлімдеді.

Оның айтуынша, екі мемлекет ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, Марсты зерттеуге бағытталған жаңа жобаны бастайды.

“Біз Қытаймен бірге «Чанъэ-7» Ай миссиясына қатысып жатырмыз. Сонымен қатар Марсты зерттеуге арналған құрылғылар мен техниканы әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты бастаймыз”, – деді Дмитрий Баканов.

«Роскосмос» басшысы бұл бастама Ресей мен Қытайдың ғарыш саласындағы серіктестігінің маңызды бағыттарының біріне айналатынын атап өтті.

Қазір екі ел ғарышты зерттеуге қатысты бірнеше ірі жобаны бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Соның бірі – Халықаралық ғылыми Ай станциясын құру бастамасы. Аталған жобаға 16 мемлекет пен екі халықаралық ұйым қатысады. Бұған дейін Қытай алдағы уақытта ғарышты зерттеуге бағытталған ауқымды ғылыми сапарларды жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны хабарланған.

Әзірге Ресей мен Қытайдың Марсқа арналған бірлескен миссиясы қашан ұшырылатыны және оның нақты ғылыми міндеттері туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.